Англия чемпионаты 2023/24 жылғы маусымының соңғы тур ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биыл Англия чемпионы соңғы турда бір-ақ анықталды. Бұл атаққа соңғы сәтке дейін «Манчестер Сити» мен «Арсенал» таласты.

38-турда «Арсенал» өз алаңында «Эвертонды» 2:1 есебімен жеңді. Бірақ дәл сол уақытта «Манчестер Сити» ойыншылары «Вест Хэмнен» 3:1 есебімен басып түсіп, тағы чемпион атанды.

Айта кетерлігі, Хосеп Гвардиола шәкірттері қатарынан төртінші жыл АПЛ чемпионы атанып отыр. Мұндай атаққа бұған дейін ешбір команда қол жеткізе алмаған.

Үздік төртікке «Ситиден» (91 ұпай) бөлек «Арсенал» (89 ұпай), «Ливерпуль» (82) және «Астон Вилла» (68 ұпай) енді, олар келер маусымда Чемпиондар лигасына қатысады.

Бесінші орын алған «Тоттенхэм» Еуропа лигасында, ал «Челси» Конференция лигасында бақ сынайды.

Турнирлік кестенің соңында қалған «Лутон Таун», «Бернли» және «Шеффилд Юнайтед» төменгі лигаға түсіп қалды.