Бүгін Италиядағы «Джиро д’Италия» көпкүндік веложарысының 15-кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңдегі жеңісті БАЭ Team Emirates командасының словениялық велошабандозы Тадей Погачар жеңіп алды.

«Астана» шабандоздар арасындағы үздік нәтижені Лоренцо Фортунато көрсетті, ол 20-болып мәреге жетті.

«Джиро д’Италия», 15-кезең.

Manerba del Garda - Livigno (Mottolino)(222 км)

1. Тадей Погачар (UAE Team Emirates) - 6:11:43

2. Наиро Кинтано (Movistar Team) - +0:29

3. Георг Штайнхаузер (EF Education - EasyPost) - +2:32

...20. Лоренцо Фортунато («Астана») - +5:24

Жалпы есеп:

1. Тадей Погачар (UAE Team Emirates) - 56:11:42

2. Герайнт Томас (INEOS Grenadiers) - +6:41

3. Даниэль Фелипе Мартинес (BORA - hansgrohe) +6:56

...11. Лоренцо Фортунато («Астана») +14:14