Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласында дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Қазақстандық екі балуан алғашқы белдесуінде жеңіске жетті.

Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, 48 келі салмақтағы Ғалия Тынбаева бірінші айналымда бразилиялық Аманда Лиманы ваззари ұпайымен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Оның ендігі қарсыласы — испаниялық Лаура Мартинс Абеленда.

Ал 60 келі салмақтағы Елдос Сметов те екінші айналымға жолдама алды. Ол бірінші белдесуінде вьетнамдық спортшыны шидо санымен жеңді. Сметовтің кезекті қарсыласы — Оңтүстік Корея өкілі Ким Вон Джин.