Тайсон Фьюри мен Александр Усик арасындағы реванш күзде өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы инсайдер Майкл Бенсон хабарлады.

Келісімшартта реванш жекпе-жек өткізу жөнінде тармақ болған. Кездесу қазанның 12-нен 13-іне қараған түні өтуі мүмкін.

Алғашқы жекпе-жек Астана уақытымен 19 мамырға қараған түні Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өтті. Жекпе-жек 12 раундқа созылып, Усик төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, украиналық боксшы 1999 жылдан бері аса ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы болды.