2024 жылдың 19-23 мамыры аралығында Абу-Дабиде дзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем чемпионаты көптеген қатысушыларды жинайды. Жүлде үшін күресте әлемнің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық дзюдошы бақтарын сынайды.

Айта кетейік, әр салмақ дәрежесіне 40-тан астам спортшы қатысып жатыр. Ең танымал салмақтар ерлер үшін 66 келі және 81 келі (әрқайсысы 61 қатысушы), сондай-ақ әйелдер арасындағы 48 келң (48 спортшы), 63 келі (50) және 70 келі (48) дейінгі салмақ дәрежесі болды.

Ерлер:

-60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов

-66 келі: Гусман Кыргызбаев, Жанарыс Рахметқали

Әйелдер:

-48 кг: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева

Алдын ала кезеңдегі жекпе-жек Астана уақытымен 12:00-де басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасы көрсетеді. Және мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.