Мамырдың 18-нен 19-на қараған түні Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта бокс кеші өтіп, онда британиялық Тайсон Фьюри мен украиналық Александр Усик басты жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілердің екіге бөлінген шешімімен Александр Усик жеңіске жетті.

Осылайша Усик ХХІ ғасырда супер ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы болды.

Айта кетейік, Фьюри мансабында 35 жекпе-жек өткізіп, оның 34-інде жеңіске жеткен (24 нокаут). Сондай-ақ бір рет тең түсті. Усик өз кезегінде осы жекпе-жекке дейін мансабында 21 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.