Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Туринде (Италия) өтіп жатқан Челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдық кездесуде Недовесов пен Эскобар неміс-британиялық жұп Андреас Мьес/Нил Скупскиден екі сетте 2:6, 7:6 (7:4), 5:10 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 2 сағатқа созылды.