12 мамыр күні басталған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атағын қорғап қалды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

6 күнге жалғасқан бәсекеде командалық бойынша ТОП-3 орындар:

Ерлер:

Қазақстан — 9 алтын, 8 күміс, 14 қола

Өзбекстан — 1 алтын, 2 күміс, 2 қола

Қытай — 1 алтын, 1 күміс

Әйелдер:

Қазақстан — 5 алтын, 5 күміс, 11 қола

Қытай — 4 алтын, 1 қола

Үндістан — 2 алтын, 2 күміс, 4 қола

Чемпион атанған жерлестеріміз:

51 келі. Сәкен Бибосынов

54 келі. Карим Серкебаев

57 келі. Махмұд Сабырхан

60 келі. Талғат Сырымбетов

67 келі. Нұрбек Мурсал

75 келі. Тимур Нұрсейітов

86 келі. Нұрбек Оралбай

92 келі. Сағындық Тоғамбай

+92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев

57 келі. Карина Ибрагимова

60 келі. Виктория Графеева

63 келі. Аида Әбікеева

70 келі. Мадина Нұрышева

+81 келі. Елдана Талипова

Ең үздік боксшылар:

+92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев

54 келі. Юан Чанг