Қытайдың Шанхай қаласында құзға өрмелеуден әлемдік лицензиялық жарыс кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Әмір Маймұратов финалда (5.47 секунд) АҚШ өкілінен (5.17) артта қалып, 11-сатыға тұрақтады. Нәтижесінде отандасымыз 30 ұпай жинап, Олимпиадаға арналған рейтингте 6-орынға көтерілді.

Айта кетейік, 20-23 мамыр аралығында Будапешт қаласында (Мажарстан) соңғы лицензиялық жарыс өтеді. Онда Олимпиадаға рейтингте алғашқы бестікте тұрған спортшылар ғана жолдама алады.