«Арсенал» бас бапкер Микель Артетамен келісімшартты ұзартқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Фабрицио Романоға сілтеме жасап.

Маманның «зеңбірекшілермен» қазіргі келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін есептелген. Команда испаниялық бапкерді ұзақ мерзімге қалдырғысы келеді.

Артета осы маусымның соңында клуб басшылығымен болашағын талқылайтынын айтқан. Маман «Арсеналды» 2019 жылдан бері жаттықтырып келеді.