«Барселона» маусымның соңында командадан кетуі мүмкін қазіргі бас бапкер Хавидің орнына үш үміткерді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Mundo Deportivo мәліметінше, клуб басшылығы Хавидің орнына «Баварияның» бұрынғы бапкері Ханси Флик, Рафаэль Маркес пен Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» бас бапкері Марсело Гальярдоны қарастырып жатыр.

Каталониялық команданың бастықтарына үшінші үміткер көбірек ұнап отыр.