Дананг (Вьетнам) қаласында таэквондодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Мария Севостьянова жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Спортшы 57 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Мария турнирде финалға дейін жетіп, басты белдесуде оңтүстіккореялық Ю Джин Кимге есе жіберді. Севостьянова Чемпионатты екінші орынмен аяқтады.