Қуаныш Асқарбеков бочче бойынша халықаралық жарыстарда медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Жарыстар Финляндияның Лахти қаласында өтті.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ақпараты бойынша, ұлттық құраманың қоржынына тағы бір қола медальді командалық жарыстарда өнер көрсеткен Итиана Чингисханова, Александр Курмантаев және Қуаныш Асқарбеков салды.

Сонымен қатар, жеке разрядта Итиана Чингисханова төртінші орын, Меруерт Тлебалды бесінші, Балжан Бөлекпаева алтыншы, Темірлан Алтынсары сегізінші орындарды иеленді. Жұптық разрядта Темірлан Алтынсары мен Аружан алтыншы орынды иеленді.

27-31 мамыр аралығында Астанада бочче бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді.

Бочче — орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы және жұлын жарақаты бар ойыншыларға арналған қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі.