Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 58 турнирінде басты кардттың екінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қырғызстандық Келечек Топчубай уулу (7-2-1) мен Қазақстандық файтер Алишер Ғабдуллин (12-4) кездесті.

Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер шешімімен, қазақстандық файтер Алишер Ғабдуллин жеңді.

Айта кетейік кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы атақты ресейлік Ричард Тотров (12-7) мен Хамзат Чапанов (13-3) арасындағы көптен күткен реванш болады.

Басты кардтта Камиль каратэ мен қазақстандық поп-ММА файтері Нұржан Шудабаев кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink