Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 58 турнирі аясында ауыр салмақта жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ирандық Акбар Бехкияпур (3-1) түркиялық файтер Буграхан Алпарсланмен (10-5) кездесті.

Бірінші раундта ирандық спортшы басым болды. Екінші бес минуттық кезеңде қарсыластар тартысты жекпе-жек өткізді. Бірақ біраз уақыттан кейін түркиялық файтер жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырмауға шешім қабылдады.

Айта кетейік, басты кардта Камиль Карате өнер көрсетеді, ол қазақстандық поп-ММА файтері Нұржан Шудабаевпен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта ресейлік Ричард Тотров (12-7) мен Хамзат Чапанов (13-3) арасында реванш өтеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink