Қазақстандық теннисші жұптық сында Парма (Италия) челленджер турнирінің финалына жолдама алды.

Аталған турнирдің 1-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачёва жұбы жартылай финалда чехиялық Мириам Колодзиэёва – Анна Шишкова дуэтімен кездесті.

Алғашқы партияда қазақстандық-ресейлік теннисші 6:1 есебімен жеңіске жетті. Айқын басымдылықпен өткен бірінші сет небәрі 19 минутқа созылды. Ірі жеңілістен кейін чехиялық жұп кортқа шығудан бас тартты.

А. Данилина мен И. Хромачёваның финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.