Бокстан Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогы» турнирінде финалға шыққан спортшылар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан сапынан төмендегі спортшылар турнирдің алтын медаліне таласады:

Анель Сақыш (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Милана Сафронова (66 келі), Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).

Айта кетелік, 60 келі салмақтағы Виктория Графеева Париж Олимпиадасына жолдама алған қытайлық Венлу Янгты таза жеңген.

Сондай-ақ, бұл турнирде әлем чемпионы Дина Жолдаман да жеңіліс тапты.