Индор-хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландтың Чонбури қаласында өтіп жатқан Азия кубогында финалдық кездесуін өткізіп, турнир рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің финалында қазақстандық спортшылар турнир қожайындарынан жеңіліп қалды. Кездесу 2:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар Азия кубогының рекордын жаңартты. Олар тоғыз финалдың сегізіне жолдама алды. Қазақстандық әйелдер шешуші матчқа қатыспаған жалғыз финал 2022 жылғы Азия кубогы болды.