Бүгін Қазақстан Бірінші лигасының 7-туры аясында ойындар өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Хан Тенгри» өз алаңында «Түркістан» командасын 4:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, жеңімпаздар қатарында Марат Шахметов, Павел Кривенцев, Диас Тулеу және Хамза Мұхаметәлі голдың авторы атанды.

«Тараз» өз алаңында «Ұлытауды» қабылдап, қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапында Әділет Омарбек пен Бауыржан Тұрысбек гол соқты.

«Қайсар Жастар» сырт алаңда «Каспийге» есе жіберді.

Матч 3:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жеңімпаздар қатарында Самат Сәрсенов, Бақдәулет Көңлімқос және Қасымжан Таипов голдың авторы атанды.