Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Залимхан Юсуповке атыс қаруымен шабуыл жасалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Дереккөздің хабарлауынша, Залимхан бірнеше оқ жарақатымен ауруханаға түскен. Оқиға Дағыстан астанасы Махачкалада болған.

«Түнде Махачкаладағы көшелердің бірінде Залимхан Юсуповтың қатысуымен жанжал болып, ол төбелеске ұласты. Сол мезетте Юсуповқа оқ атылды. Оның бірнеше жері жақаттанып, ауруханаға жеткізілді», - делінген дереккөз.

Telegram-дағы Mash арнасының хабарлауынша, бір топ адам файтерге жақындап, оны тыйым салынған зат қолданды деп айыптаған.

Кейін атысқа ұласқан қақтығыс басталған. Еске сала кетейік, Юсупов 2023 жылы Алматыда өткен Hardcore MMA турнирінде қазақстандық файтер Қуат Хамитовпен жекпе-жекке шыққан еді. Кездесу Хамитовтың жеңісімен аяқталған болатын.