Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 51-ракеткасы Анна Данилина Парма (Италия) челленджер турнирінің финалына шықты.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина мен ресейлік Ирина Хромачёва жартылай финалда чехиялықтар Мириам Колодзиэёва – Анна Шишковамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп небәрі 19 минутқа созылған бірінші партияда бет қаратпады – 6:1. Осыдан кейін чехиялық дуэт бәсекені жалғастырудан бас тартты.