Қазақстандық жас теннисшілер ITF (Халықаралық теннис федерациясы), TE (Еуропа теннисі) және ATF (Азия теннис федерациясы) жасөспірімдер рейтингісінде жоғары көтерілді.

Әмір Омарханов 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors рейтингісінде бұрынғыша 14-орында тұр. Даниал Рахматуллаев - 73, қыздар арасында Соня Жиенбаева - 29, Асылжан Арыстанбекова 40-сатыда.

Tennis Europe рейтингісінде 14 жасқа дейінгілер арасында Родион Трайгель - 28, Роберт Каминский - 33, Аңсар Ниетқалиев - 81, Ахмади Маханов - 83, қыздардан Линара Бөлешева - 60, Руслана Русланова 95-сатыға жайғасты.

ATF рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Айша Сайран көш бастаса, Аделина Маманфина екінші орында келеді.