Қазақстандық теннисшілер, әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев пен рейтингіде 177-орында тұрған Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports

Бейбіт екінші айналымда әлемнің 150-ракеткасы, америкалық Патрик Кипсонмен кездесіп 7:5, 7:6 (7:5) есебімен ұтты.

Денис Евсеев әлемнің 124-ракеткасы, тағы бір америкалық теннисші Эмилио Наваны - 7:6 (10:8) 6:0 есебімен жеңді.

Енді ширек финалда Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев өзара кездеседі. Жеңгені жартылай финалға жолдама алады.