Қазақстандық теннисшілер Бейбіт Жұқаев пен Дмитрий Попко Оэйрашта (Португалия) өтіп жатқан халықаралық турнирдің жұптық сынның ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші раундттық кездесуде Жуқаев/Попко жұбы Д.Вале (Португалия)/Т.Перейра (Португалия) жұбын 6:3, 2:6, 11:9 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды.

Турнирдің ширек финалында қазақстандық жұп А.Кадхе (Үндістан) / А.Сандрасекар (Үндістан) жұбымен кездеседі.