Алматылық «Қайрат» жаңа бас бапкер іздеуді белсенді түрде бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан кубогында «Атыраудан» 1:3 есебімен жеңіліп қалған матчтан кейін «Қайраттың» басшылары жаңа бас бапкерді белсенді іздеуге кіріскен.

Атыраудағы ойыннан кейін «Қайрат» директорлары Минскіге аттанған. Қазір Франкфуртте, бірнеше үміткермен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 8 турдан кейін алматылық клуб 14 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.