Бүгін индор-хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Чонбуриде (Таиланд) Азия кубогының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда ұлттық құрама Индонезиямен кездесті. Матч негізгі уақытта 3:3 есебімен тең аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, «А» тобындағы төртінші ойында Қазақстан құрамасы Иранмен кездесіп, 5:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бұған дейін Вьетнамды 28:0, Малайзияны 5:1, Оманды 8:0 есебімен жеңген еді.

Қазақстан - Индонезия 3:3 (2:0)