17 мамырда Алматыда өтетін OCTAGON 58 турнирінде Камиль Карате лақап атымен танымал тәжікстандық Камариддин Хасанов (3-2) сынға түседі.

Оның қарсыласы қазақстандық боксшы Нұржан Шудабаев болады.

Ивенттің ең тартысты жекпе-жектерінің бірі алдында Prosports.kz тілшісі бұған дейін поп-ММА-де өнер көрсеткен файтермен сұхбаттасты.

– Нұржан, Камиль Каратемен бетпе-бет кездесуден алған әсерің қандай?

– Бұған дейін Камиль Каратемен таныс емес едім, бірақ бірінші кездесуде оның мықты екенін көрдім. Оның бойы менен әлдеқайда қысқа, физикалық жағынан әлсіз болады деп ойладым.

– Аз уақыттың ішінде бір-біріңізге көп нәрсе айттыңыздар. Сіздің ойыңызша, камерадағы алғашқы кездесу неге сонша қызу өтті?

- Себебі ол трешток шебері, ойындағын айта салады. Өз кезегімде, мен де үндемей тұрмаймын.

– Ұсыныс туралы қанша уақыт ойландыңыз және неліктен қысқа мерзімге қарамастан шақыртуды қабылдауға шешім қабылдадыңыз?

– Негізінде ойлануға уақыт болмады. Олар маған 10 күн қалғанда қоңырау шалды, Камиль Карате сияқты кәсіпқоймен және OCTAGON сияқты ұйымда төбелесу мүмкіндігін жібергім келмеді.

– Даулы қарсыласыңыздың шеберлігін қалай бағалай аласыз? Сіздің ойыңызша ол қаншалықты мықты?

– Шағын талдау жасап, оның бірнеше жекпе-жегін көрдім. Шынымды айтсам, оның жекпе-жегін бұрын-соңды көрмеппін. Оның қолдары әлсіз, бірақ аяғы мықты екенін айта аламын. Соққыларыммен құлата аламын. Күреспей, әсерлі жекпе-жек көрсетеміз деп үміттенемін.

– Қазіргі бабыңызды қалай бағалайсыз және жекпе-жекке дайындық қалай жүріп жатыр?

– Әрине, жекпе-жекке мықты бабымда шығамын деп айта алмаймын. Дегенмен, дайындық қызу жүріп жатыр, сондықтан бірінші раундта нокаутқа түсіруге тырысамын.

– Қарсыласыңыздан артықшылығыңыз неде деп ойлайсыз?

– Қазақстандық бокс мектебінде секілді. Сол қолыммен есеңгіретіп, оң қолыммен құлатамын.

– Сегізбұрышта әсерлі жекпе-жек көрсетуге дайынсыз. 17 мамырда сізден не күтейік?

– Қарсыласыма кішігірім тосынсый дайындап жатырмын, бірақ жекпе-жекке дейін қандай екенін айтпай-ақ қояйын. Турнирге келгендер, тікелей эфирде трансляцияны қарайтындар бәрін өзі көре жатар. Әсерлі болады.

OCTAGON лигасында дебютіңізді өткізесіз. Осы ұйымда алдағы уақытта да төбелесе бермексіз бе? Болашақта кіммен кездескіңіз келеді?

– Шынымды айтсам, ол жағын әлі ойламадым. Бар ойым – Камиль Карате. Бұл жекпе-жек алдағы жоспарларымды айқындап береді.

Алдағы турнирге билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 58 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink