Shopify Rebellion халықаралық командасы Dota 2-ден PGL Wallachia 2024: Season 1 топтық кезеңінің бесінші турында BOOM Esports командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Артур Arteezy Бабаевтың командасы 9-11-орын алып, 20 мың доллар табыс тапты. BOOM командасы чемпионаттың плей-офф кезеңіне өтті.

PGL Wallachia 2024 Season 1 турнирі 10-19 мамыр аралығында Бухарестте (Румыния) өтіп жатыр. Турнирдің жалпы жүлде қоры бір миллион доллар.