Бокстан Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі Махмұд Сабырхан Астанадағы «Елорда кубогында» жеңіліссіз келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

57 келіде сынға түскен Махмұд жарыстың ширек финалында өзбек боксшысынан басым түсті.

Бұған дейін Сәкен Бибосынов, Тимур Қабдеш, Кәрім Серкебаевтар бүгінгі жекпе-жектерін жеңіспен аяқтаған болатын.

Айта кетелік, Астанадағы халықаралық турнирге 8 мемлекеттен келген спортшылар қатысып жатыр.