Допты хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Чонбуриде (Таиланд) өтіп жатқан Азия кубогы аясында кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«А» тобындағы төртінші ойында Қазақстан құрамасы Иран құрамасымен кездесіп, 5:1 есебімен ірі жеңіске жетті. Кездесудің үздік ойыншысы қазақстандық Виктория Лобанова атанды.

Естеріңізге сала кетейік, турнирге екі топқа бөлінген тоғыз команда қатысуда. Қазақстан әйелдер құрамасы турнирдің жартылай финалына шықты. Бүгін Азия кубогының жартылай финалдық ойыны өтеді.