Чехияның Острава қаласындағы арена қызметкерлері хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Латвия құрамалары арасындағы матч кезінде трибунада тұрған Украина туын алып тастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчты трансляциялау кезінде кадрға Латвия туымен қатар тұрған Украина туы түскен.

«Турнирді ұйымдастырушылар жергілікті қызметкерлермен бірге бірден жалауды алып тастады. IIHF әлем чемпионатының ареналарында тек қатысушы елдердің жалаулары бар жанкүйерлер қатыса алатынын еске салады. Осы критерийлерге сәйкес келмейтін кез келген басқа жалаушалар дереу жойылады.

Бұл процедура бүкіл әлем чемпионатында және осыған ұқсас деңгейдегі бірқатар басқа турнирлерде қолданыста», - деп хабарлады ТАСС агенттігінің баспасөз қызметі.

Ойын 2:0 есебімен Латвия құрамасының жеңісімен аяқталды.