Мадридтік «Реал» хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модричке жаңа келісім-шарт ұсынудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы жақын арада ресми түрде хабарланады. Сонымен қатар, Модричтің өзі командада қалғысы келеді және бұл үшін жалақысын айтарлықтай қысқартуға дайын.

Клуб басшылығы жас футболшыларға сенуді жоспарлап отырғаны атап өтілді.

Модрич «Реал Мадрид» сапында 2012 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол испандық клуб сапында 300-ден астам матч өткізген.