Шайбалы хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші кездесуін Латвия құрамасына қарсы өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Ғалым Мәмбеталиев келесі құраммен шықты: Шутов (Бояркин) – Металников-Бреус, Старченко-Шестаков-Рымарев; Орехов-Данияр См, Михайлис-Өмірбеков-Савицкий; Диханбек-Бекетаев, Панюков-Мұхаметов-Мұратов; Королев-Гайтамиров, Бойко-Рахманов-Әсетов.

Латыштар айқын фаворит болғанымен, бірінші кезеңде есеп ашылмады, екінші кезеңде Андрей Шутовтың қақпасына екі шайбы соқты. Соңғы жиырма минутта ештеңе өзгерген жоқ. 2:0 – Латвияның жеңісі.

Осылайша, Қазақстан Францияны (3:1) ұтты, кейін Словакия (2:6) және Латвиядан (0:2) жеңілді, бейсенбі күні Швеция құрамасымен ойнайды.