«Ювентус» бас бапкері Массимилиано Аллегри маусым соңында клубтан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Tuttosport мәліметінше, Италия кубогының финалы мен А Сериясының қалған ойындары «Ювентус» бас бапкері үшін соңғы матчтар болады. Оның орнына басты үміткер - «Болонья» бапкері Тьяго Мотта.

Аллегри «Ювентусты» екінші рет жаттықтырып отыр. Қазір команда қатарынан бес тең ойын өткізіп, 15 кездесуде 2 ғана жеңіске жетті. Бірақ команда келесі маусымда Чемпиондар лигасына жолдама алып қойды.