Өзбекстаннан қоныс аударып, Қазақстан атынан алғашқы жекпе жегін өткізген боксшы Аман Қонысбеков Sport Plus Qazaqstan тілшісіне алғашқы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бүгін Қазақстанның атынан алғаш рет рингке шықтым. Кездесу жақсы өтті деп ойлаймын, енді келесі қарсыластарға дайындаламын. Алғашқы раундта нокдаун жасап, кейін күшімді сақтадым. Бұл бапкерлердің берген тапсырмасы, үш раунд өткізіп, рингті сезін деді.

Түркістан облысының атынан шығамын, бапкерім - Мырзағали Айтжанов. Мені Қазақстанға Исатай Ізбасаров деген ағам алып келді, қазір Астанада сол кісінің қолында тұрамын.

Өзбекстан мен Қазақстан қайсы жақсы деп бөлмеймін. Әр елдің өз артықшылықтары, өз стилі бар», - деді Қонысбеков.

Аман Қонысбеков Елорда Кубогындағы алғашқы жекпе жекте 4:0 есебімен Азат Иманберліні ұтты. Қонысбеков шығатын 71 келі салмақ дәрежесінінде әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов биыл Париж Олимпиадасына қатысады.