Жамбылдық футбол ардагері, «Химик» (Жамбыл) және «Тараз» (Тараз) командаларының бұрынғы ойыншысы Александр Шмариков 63 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Prosports.kz.«Александр Степанович клуб тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі, бірнеше рет Қазақстанның үздік сұрмергендері көшін бастаған.

Ол «Мелиоратор»(Шымкент), «СКИФ Ордабасы»(Шымкент), «Автомобилист«(Коканд) командаларының намысын қорғаған.

Марқұмның туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - делінген клуб хабарламасында.