Бүгін Астанада бокстан дәстүрлі «Елорда кубогы» турнирінің алғашқы жарыс күні өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Шаршы алаңға шыққан ұлттық құрама мүшелерінің барлығы қарсыластарынан басым түсті.

Олардың арасында Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаевтар бар.

Сондай-ақ, жақында Қазақстан азаматтығын алған этникалық қазақ Аман Қонысбеков те құрама сапындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.