Англиялық боксшы Шериф Лаваль Лондонда рингтегі алғашқы кәсіпқой жекпе-жегі кезінде есінен танып, қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Daily Mail мәліметінше, 29 жастағы спортшы отандасы Малам Вареламен жекпе-жектің төртінші раундында басынан соққы алып, есінен танып қалған. Боксшы құлаған соң төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты.

Дәрігерлер Лавальға көмектесуге тырысты, бірақ ол ауруханаға жеткізілген кезде оның қайтыс болғаны белгілі болды.

Лаваль бокспен 2018 жылдан бері айналысқан.