Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Португалияның Оэйрас қаласында балшықтан жасалған Челленджердің жекелей турнирінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан спортшысы литвалық теннисші Вилиус Гайбаспен кездесіп, екі сетте 6:2, 6:3 жалпы есебімен жеңіске жетті. Кездесу турнирдің соңғы іріктеу кезеңінде өтіп, бір сағат 34 минутқа созылды.

Айта кетейік, 27 жастағы қазақстандық спортшы қазір ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) жекелей рейтингінде 223-ші орында, ал литвалық теннисші 285-ші орында.