Бас бапкері қазақстандық маман Владимир Чебурин болып табылатын Вильнюстің «Жальгирисі» футболдан Литва чемпионатының 13-ші турындағы ойында «Гегельманмен» сырт алаңда тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каунастағы кездесу голсыз аяқталды – 0:0.

Осылайша, «Жальгирис» жеңіліссіз сериясын он матчқа дейін ұзартты - жеті жеңіс және үш тең ойын. Чебурин шәкірттерінің еншісінде 28 ұпай бар және чемпионат кестесінде көш бастап тұр. 20 ұпай жинаған «Гегельман» үшінші орында.

19 мамырда «Жальгирис» ел чемпионатының 14-ші турында «Кауно Жальгиристі» қабылдайды.