Өзбекстаннан көшіп келген боксшы Аман Қонысбеков Қазақстан құрамасы сапында "Елорда кубогына" қатыспақ.

13 мамырда Астанада бокстан ересектер арасында "Елорда кубогы" халықаралық турнирі басталады. Бұл жарысқа биыл Өзбекстаннан көшіп келген қазақ боксшысы Аман Қонысбеков те қатыспақ. 71 кг салмақта бақ сынайтын Қонысбековтің алғашқы қарсыласы Азат Иманберлі болады.