Маунтинбайктан Қазақстан командасының мүшесі Денис Сергиенко Путраджайдағы (Малайзия) Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Cергиенко кросс-кантриде екінші орын алды. Бұл санатта жапон спортшысы чемпион атанса, Қытай өкілі үздіктер үштігін түйіндеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан командасы эстафетада үшінші орын иеленген еді.