Қазақстандық дзюдошы Ғалымжан Қырықбай Астанада өтіп жатқан «Үлкен дулыға» сериясы турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасының намысын қорғайды.

Алғашқы белдесуінде Ғалымжан қытайлық Йонгжи Иньді жеңді. Екінші айналымда ол Темур Рахимовпен (Тәжікстан) кездеседі.