Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (24-8-1) мен ресейлік Александр Шлеменко (63-15-1) Екатеринбургте (Ресей) аралас жекпе-жектен өткен RCC 19 турнирінің бас лайнерлері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хамитов пен Шлеменко арасындағы жекпе-жек орта салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен шайқас Шлеменконың пайдасына аяқталды.

Қуат Хамитов пен Александр Шлеменконың толық жекпе-жегінің видеосын төменде көруге болады: