Бүгін, 12 мамырда хоккейден Қазақстан құрамасы Чехиядағы әлем чемпионатында Словакия құрамасымен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Словакия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 15:10-да басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатын Франция құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, сәтті бастаған болатын. Словакия құрамасы өзінің алғашқы ойынында Германия құрамасын 4:6 есебімен ұтты.