Қазақстандық теннисші жұптық сында Рим мастерс турнирінің ширек финалына өтті.

Қазақстандық спортшы америкалық Бен Шелтонмен бірге екінші айналымда бразилиялық Марсело Мело - германиялық Александр Зверевтен айласын асырды.

Бірінші партияда бразилиялық-германиялық жұп айқын басымдылық танытты - 6:2. Есесіне екіншісінде Бублик - Шелтон қарымта қайырды - 6:3. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 10:7.

Бір сағат 21 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-америкалық дуэт 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Мело - Зверев 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.