10-12 мамыр аралығында Астанада дзюдодан Grand Slam санатындағы әлемдік рейтингтік турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін белдесуде швейцариялық Аурелиен Бонферрониді жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық дзюдошы Бақытжан Абдурахманов қола жүлде иеленген болатын. Спортшы Ирландия өкілі Джошуа Гриннен басым түскен еді.