Қазақстанның екінші, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Швентек бір брейкпен басымдылықты сақтап қалды - 6:3. Екінші партияда Путинцева 4:1 есебімен алға кетті. Алайда бұдан кейін Швентек дес бермеді - 6:4.

Бір сағат 46 минутқа созылған тартысты матчта Путинцева 4 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Швентек 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Осылайша, жекелей сында Рим додасында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ.