Түркияның Стамбул қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Адлан Асқаров келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркін күрестен 65 келі салмақта белдесетін ол бірінші айналымда германиялық Андре Кларкты 9:3 есебімен ұтты.

Адлан Асқаровтың келесі қарсыласы - албаниялық Ислам Дудаев.

Айта кетелік, бұған дейін 57 келідегі Рахат Қалжан да екінші кезеңге өткен болатын.