Хоккейден Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатындағы дебюттік матчында Франциямен кездесіп, сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойында бірінші болып есепті Франция құрамасы ашты, бірақ артынан Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері Роман Старченко, Максим Мұхаметов және Кирилл Савицкий соққан үш голмен жауап қайтарып, нәтижесінде есеп 3:1 болды.

Қазақстан – Франция 3:1 (0:1,1:1, 2:1, 3:1)

Шайбалар:

0:1- 02:00 Кантагалло

1:1 – 03:06 Старченко 1:1 (Рымарев)

2:1 – 07:30 Мухаметов 2-1 (Орехов, Савицкий).

3:1 – 37:47 Савицкий.

Айта кетейік, 12 мамырда Қазақстан уақытымен 15:20-да ұлттық құрама әлем чемпионатындағы екінші матчы аясында Словакиямен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, В тобында Қазақстан және Франция құрамаларымен қатар АҚШ, Швеция, Германия, Латвия, Словакия және Польша құрамалары өнер көрсетеді.